Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 08 Сәуір, 2019

Түрікменстан Қазақстанға дейін автожол салады

Түрікменстанда министрлер кабинетінің отырысында вице-премьер Дадебай Амангелдиев ел президенті Гурбангулы Бердымухамедовке Түрікменбасы - Гарабогаз - Қазақстан арасында автокөлік жолын салу туралы баяндады. Басылымның мәлімдеуінше, жол екіжақты қозғалыспен жасалады. Оның ені - 22,5 метр, ал ұзындығы - 225 шақырым. Бұл жол Түрікменбасыдан басталып, Қазақстан шекарасына дейін жалғасады. Сондай-ақ, қажетті инфрақұрылымдық нысандар да салынады.  Гарабогазгол (Кара-Богаз-Гол) шығанағының үстінен ұзындығы 354 метрлік көпір құрылысы басталады.  Түрікменстан мен Қазақстан шекарасы арасында автожол мен көпір салу елдердің өзара тауар айналысын, жүк және жолаушылар тасымалын арттыруға мүмкіндік береді.  "Хроника Туркменистана" ақпараты бойынша, Түрікменбасы мен Қазақстанның Маңғыстау облысы арасына жол салу жоспары 2018 жылы сәуірде хабарланған. tengrinews.kz

1085 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз