Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 11 Сәуір, 2019

75 жылға – 75 жасыл желек

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті 75 жылдығына орай ұрпақтар сабақтасытығын нығайту мақсатымен Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірігіп, өзара ынтымақтастықтың символы ретінде экологиялық шара ұйымдастырды. ХХI ғасырда бәсекелестікке бейім зияткер ұрпақты тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатып отырған Зияткерлік мектептің  аумағында 75 қайың, емен, шырша ағаштардан жасыл саяжол отырғызды.    Университет және мектеп түлектері, университет профессорлары мен мектеп ұстаздары қатысқан экологиялық шара  білім, ғылым, жаңа технологиялар саласында қызмет атқарып жүрген  үлкен буынмен өскелең ұрпақты бір мақсатпен біріктіретіні анық. «Ағаш отырғызу-бұл экологияға қамқорлық көрсетумен  қатар, Жер бетінде өз ізіңді  қалдыру мүмкіндігі,  кейінгі ұрпақ үшін аманат»,- деді шараның ашылу салтанатында қоғам қайраткері Шамшия Беркімбаева. «Бұл шараның тағы бір маңыздылығы,  химия биология бағытындағы мектеппен ғылыми қарым-қатынасты  нығайту деп айтуға болады. Оқушыларға ғылыми тәжірибе, ғылымға деген құштарлықты арттыру, ізденіске итермелеу. Мысалы, біздің зертханада теректің жаңа түрін өсіріп шығардық. Егер жәй теректер   биіктігін алу үшін жылдарды қажет етсе, біздің терек бір жылда 3 метрге дейін өседі. Осы сияқты билогия саласында жаңалықтарды ашу осы ұрпақтың еншісінде»,- деп санайды  университет профессоры, биология ғылымдарының докторы  Келес Нұрмашұлы Жайлыбай. Қоғам кайраткері Асылы Осман мектеп саяжолынла өз өолымен жасыл желек отырғызып, зияткерлерге өз өситетін айтып өтті. Зияткерлік мектепте қоршаған ортаны қорғау мақсатында іске асырылып жүрген жобалар аз емес. Соның бірі- ғалымдармен бірігіп екі жыл бұрын «Апортты жаңғырту» жобасы  қолға алынған болатын. Оқушылар 25 апорт ағашын отырғызып, күтіп, зерттеу жұмыстарын жүргізуде. 11 сынып оқушылары  Алихан Джалдыбаев пен Анель Иса бүгінгі шара тура өз ойларымен бөлісіп, «ҚҰҚПУ қара шаңырағының оқытушыларына алғысымызды білдіреміз. Мектеп ауласы көркейе түсті. Енді біз отырғызылған ағаштарға қарап, күтеміз. Ол біздің борышымыз. Және де жаңа ғылыми жобаларды осы отырғызылған жасыл желектермен байланыстырып, жаңалық ашып қалуымыз да мүмкін. Қазіргі уақытта биология саласындағы селекция өте қызықты дамып келе жатыр»,- деді зияткерлер.

1618 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз