Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 15 Сәуір, 2019

Жыл сайынғы "Atyrau Marathon 2019" 3 мың қатысушы жинады

Марафон жеңімпаздары 76 жас санаты бойынша марапатталды, деп xабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Атырауда жыл сайынғы Atyrau Marathon 2019 қайырымдылық марафоны аяқталды. Бұл жылғы марафон  бірқатар қалалар мен мемлекеттерден 3 мыңға жуық қатысушы жинады. Қатысушылар 42, 21, 10, 3 және 1,2 шақырымдық қашықтық бойынша жүгіріп өтті. Барлық мәреге жеткендер медальдармен марапатталды. Жеңімпаздарға ақшалай жүлделер мен сыйлықтар табысталды. Сонымен, марафонның ең ересек қатысушысы 72 жасар ультрамарафоншы Әмегүлсін Мұсылманова болса, жүгірушілер арасында жеңіске деген жігерімен мүмкіндігі шектеулі 58 жастағы жазғы паралимпиадашы, өзінің 120-шы марафонын жүгірген Олег Сысолятин марапатталды. Жарыстың құрметті қонағы рекордшы Марат Жылқыбаев болды. "Аtyrau Marathon 2019" ерлер арасында үшінші мәрте абсолютті жеңімпазы болып 42 шақырымды жүгіріп өткен 25 жасар Базарбай Дауталиев марапатталса, әйелдер арасында Әмина Зинорова үздік көрсеткіш көрсетті. Айта кетейік, "Atyrau Marathon 2019" қайырымдылық марафоны жастар жылы аясында өтті. Барлық түскен қаржы қайырымдылық бағытында жұмсалады.

930 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз