Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 17 Сәуір, 2019

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХХVI КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Мақтаарал ауданында «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының кезектен тыс XXXVI конференциясы болып өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Аудан әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы Бақыт Асанов төрағалық еткен жиынға аудандық мәслихатының хатшысы Қадір Сәрсекбаев, партияның облыстық және аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, партия ардагерлері, барлық деңгейдегі мәслихаттардағы депутаттық фракциясының мүшелері, жергілікті атқарушы органдар мен бастауыш партия ұйымдарының басшылары, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарының басшылары, этно-мәдени орталықтарының өкілдері, «Жас Отан» ЖҚ мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Конференцияның күн тәртібінде Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың партияның кезекті XVIII Съезінде берген тапсырмаларын – «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Ауыл - ел бесігі», «Құтты мекен» ұлттық жобаларын іске асыру барысы және «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс ХХХVIII конференциясына делегаттарды сайлау мәселелері қаралды.

 

615 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз