Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Өзекті
  • 22 Сәуір, 2019

«Самұрық-Қазына» қорының таза кірісі 2019 жылдың бірінші тоқсанында 343 млрд теңгені құрады

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының 2019 жылдың бірінші тоқсанындағы таза кірісі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 17,1% -ға өсіп, 343 млрд. теңгені құрады. Бұл туралы Қордың Басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтың қатысуымен өткен Қордың қоржындық компанияларының басшыларымен кездесуі барысында белгілі болды.

Осылайша, 2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында сатудан түскен түсімдер мен таза кіріс 1 951 млрд және 343 млрд теңгені құрады, алғашқы үш айда жоспардың орындалуы сәйкесінше 95%-ды және 188%-ды құрады. Операциялық пайда (NOPLAT) ағымдағы жылдың үш айында 240 млрд теңгені құрады, бұл 28 млрд теңгеге немесе жоспарланған межеден 13 %-ға артық.

Қаржы көрсеткіштерінің өсуіне әсер еткен негізгі факторлар: мұнай өнімдерін, газды, газ конденсатын сату көлемінің және жүк айналымының артуы, пошта қызметтерінің көбеюі, аффинаждалған алтын өндірудің айтарлықтай өсуі. Сонымен қатар, Қордың барлық ірі портфельдік компанияларында  тауар құны мен жалпы әкімшілік шығындар азайды.

Таза табыстың артуына сонымен қатар «ҚазМұнайГаз» АҚ тобындағы қауымдасқан компаниялар мен бірлескен кәсіпорындардан түскен кіріс үлесінің ұлғаюы әсер етті.

Айта кеткен жөн, 2018 жылдың сәуірінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» қорының 2018-2028 жылдарға арналған жаңа даму стратегиясын бекітті. Мемлекет басшысы ұлттық әл-ауқат қоры үшін маңызды міндеттерді қойды, олардың бастысы – қоржындық компанияларды тиімді басқару және олардың көрсеткіштерін әлемдік баламаларымен теңестіру.

«Самұрық-Қазына»ҰӘҚ» АҚ

Қоғаммен байланыс және маркетингтік

коммуникациялар жөніндегі департаменті

 

2032 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз