Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 24 Сәуір, 2019

Атырау аумағында ауа-райының қолайсыздығы кезінде 30 мың тонна су сорылды

Ауа-райы жағдайының келеңсіздігі кезінде Атыраудың коммуналдық қызметі нәтижелі қызмет көрсетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында мәлімдеді. Атырау қаласы әкімінің орынбасары Шәкір Кейкиннің айтуынша, 17-18 сәуір күндері Атырауда бүкіл қалаға ауыртпалық тудырған нөсер жауын, қар жауды. Бірқатар үлкен аумақтар суға толды, электр энергиясы өшті. Бірақ, коммуналдық қызметкерлер тәулік бойы жұмыс жасап, құбылмалы ауа райы кезінде аз уақытта жағдайды қалыпқа келтірді. Құрылған жедел штаб барлық проблемалық аумақтарды бақылады, жағдайды қалыпқа келтіріп, үлкен көлемде су сорды. 30 тоннаға жуық су сорылды. Бір ғана "АтырауСуАрнасы" ЖШС-нің теxникасымен қала аумағында 18 мың тонна су сорылған. -Төрт күн ішінде 18 тонна су жиналды. Салыстырмалы түрде, бұл әр қайсысы 60 куб болатын 300 темір жол цистерні. Бұл 60 вагондық толық 5 пойызды құрайды. Осыншама көлемдегі суды біз қаладан булану алаңына жеткіздік,- дейді мекеме директорының орынбасары Виктор Сущенко. Барлық жиналған су 8 кәріз-сорғы станцияларына жеткізіліп, олар суды булану аумағына тасымалдады. Шәкір Кейкин байқағандай, бұл күндері Арнаулы Автобаза мен АтырауСуАрнасының 21 бірлік арнайы техникасы тәулік бойы су сору жұмыстарын жасады. Бұдан бөлек, жергілікті мекемелер де өз көліктерін ұсынып, үлкен көмек көрсетті. Осындай жұмылған жұмыс арқасында қала су мен лайдан тазартылды. Электр энергиясының жаппай өшуі жағдайды қиындатты. Қалалық «Атырау Жарық» АҚ электр желісі басшысының мәлімдеуінше, облыс орталығында 60 нүктеде жарық өшкен. Барлығын толықтай іске қосу үшін 16 сағат уақыт кеткен. - Үлкен жұмыс жасалуды қажет етті. Трансформаторларды жаңбыр, содан кейін жауған қар толтырған. Төрт жерде электрлік тіректер бұзылды. Осы мәселелерді қалыпқа келтіру үшін 25 бригада жұмыс істеді. Апатты жағдайларды жою ең алдымен маңызды нысандарда - ауруханаларда, КСС-да жүзеге асырылды, содан кейін халыққа көмек көрсетілді, - деді Ғабиден Қанатов. Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ш.Кейкин атап өткендей, тұрғындар бұл жағдайға наразылық білдірді. Бірақ, бұл мәселені шешу үшін барлық қызметтер тартылды. Арнайы техникалардың жетіспеушілігі туралы айту еш негізсіз. Жаңбыр суларының дренаждық жүйелеріне немесе дауылдың дренаждарына қатысты кейбір мәселелер бар. - Қала бойынша бұл мәселе бар, кейбір орындарда олар істен шыққан. Ағымдағы жылы қаланың 11 көшесінде қайта жөндеу бойынша жұмыстар жүреді. Барлығына белгілі, өткен жылы біз 3 көшеде автокөлік жолдарын қайта жөндеуден өткізген болатынбыз, су ағызу жолдарын да жаңарттық,- деді Шәкір Кейкин. – Биылғы жылы қайта жөндеуден өтетін автокөлік жолдары үшін де бұл жұмыстар қарастырылған.  Бұл жұмыстар жақын айларда басталады,- деп нақтылады қалалық тұрғын-үй коммуналдық бөлімінің басшысы.

767 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз