Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Басты ақпарат
  • 08 Мамыр, 2019

Бақытбек Смағұл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: Қазақша атаулар құрып қалып па?

Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл қазақ тіліндегі оқулықтардағы олқылықтарды сынады. www.sputnik.kz сайтының мәліметіне сүйенсек, депутат 8 мамырдағы Үкімет сағатына келген Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинованың назарын қазақ мектептеріне арналған оқулықтарған аударған. «Оқулықтардағы  грамматикалық қателерден көз сүрінеді. Ал жаңартылған оқу бағдарламасының мазмұны күмән тудырады. Әсіресе, қазақ мектептеріне арналған оқулықтарды аудару үрдісі материалдың сапасына кері ықпал етуде. Мәселен,  физика оқулығының мәтіндерінің аудармалары дұрыс емес. Соның салдарынан көптеген есепті шығару мүмкін емес. Төртінші сыныпқа арналған математика оқулығында ұлттық валютамыз ағылшын тілінде KZ деп белгіленген, шынтуайтында ол «теңге» болуы керек еді. Адам аттары мен фамилияларында да қате өріп жүр», - деді депутат. Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму бойынша комитетінің мүшесі Бақытбек Смағұлдың байқауынша,  аталған грамматикалық және техникалық қателер мектеп оқулықтарының үшеуінен байқалған. Демек, қалған оқулықтарды да тексеру қажеттілігі өзінен-өзі туындап отыр. Сондай-ақ, мәжілісмен Білім және ғылым министрінің назарын жаңартылған оқулықтардың мазмұнына аударды. Оның айтуынша, көптеген оқулықта халықтың дүниетанымына жат атаулар өріп жүр. «Математика оқулығындағы мәселе есепте Дори, Нори және Ори деген аттар берілген. Сонда не қазақ аттар құрып қап па? Төртінші сыныптың «Әдебиет» оқулығында үй тапсырмасына «Рататуй» мультфильмін тамашалап, мазмұнын айту тапсырылған. Қазақ тілінде басқа шығарма жоқ па?» деді ол.

Есен Байнұр.

4747 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз