Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 13 Мамыр, 2019

Халықаралық ұйымнан 22 байқаушы аккредиттелді

13 мамырда Орталық сайлау комиссиясы «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылдады. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Хамитқызы Баймолдина өз баяндамасында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының құрамында 22 байқаушының аккредиттелгенін хабарлады. Аккредиттеуге ұсынымдардың келіп түсуіне қарай байқаушылар жөніндегі деректер жаңартылады. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді Ортсайлауком 2019 жылғы 3 маусым күнгі сағат 18.00-ге дейін жүзеге асырады. Сонымен, бүгінгі таңда 67 халықаралық байқаушы аккредиттелді.  

767 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз