Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 17 Мамыр, 2019

«Эйр Астана» Шереметьево әуежайындағы оқиғаға қатысты түсінік берді

«Эйр Астана» әуе компаниясы өз ұшағының Мәскеудегі Шереметьево әуежайына апаттық жағдайда қонғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. «Эйр Астана» әуе компаниясы өз ұшағының Шереметьево әуежайына апаттық жағдайда қонғаны туралы қазақстандық және ресейлік БАҚ-та тараған ақпараттың шындыққа сай келмейтінін мәлімдейді. 16 мамыр күні Нұр-Сұлтан - Мәскеу бағыты бойынша КС873 рейсімен ұшып шығуы тиіс ұшақ 40 минутқа кешікті. Оған аздаған ақау себеп болған. Алайда ол ақау ұшақты одан әрі эксплуатациялауға мүмкіндік берерлік деңгейде шағын болған», - деп мәлім етті «Эйр Астана» баспасөз қызметінен. Хабарланып отырғандай, экипаж командирі Шереметьево әуежайына қонбас бұрын шектеулерді есепке ала отырып, тоқтау үшін ұзақ жолақтың қажет болуына байланысты әуежайдың ұшып-қону жолағын толық беруді сұраған.  «Әуе кемесінің командирі ешқандай апаттық қону жағдайы туралы хабарлаған жоқ. Қону штаттық режімде жүргізіліп, жолаушылар терминал бөлігі арқылы шықты. Жарамды ақау - әуе кемесінің теңестірілген ақауы. Оған Минималды құрылғы тізімінің (MEL) немесе Конфигурацияның ауытқушылық тізімі шегіндегі ақау ретінде баға берілді. Берілген шек бойынша ол ақау қалпына келтірілді», - делінген хабарламада. Еске сала кетсек, бүгін БАҚ-тарда «Air Astana» ұшағы қозғалтқышындағы ақауына байланысты Ресей әуежайына қонғаны туралы хабарланды. ТАСС агенттігінің жазуынша, A320 ұшағы жедел қонуға мәжбүр болған. Дереккөз: inform.kz

833 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз