Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 17 Мамыр, 2019

Нұр-Сұлтанда Дүниежүзілік сауда орталығының капсуласы салынды

Нұр-Сұлтан қаласының əкiмi Бақыт Сұлтанов Дүниежүзілік сауда орталығының капсуласын салу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.   «Бүгiнгi күн қаламыздың тарихында есте қалады деп есептеймiн. Біз Нұр-Сұлтан қаласында Дүниежүзілік сауда орталықтары қауымдастығының тағы бір нүктесін құру жөніндегі ұзақ жылғы келіссөздерді іске асырудың негiзгi кезеңіне көштік. Бұрынғы ЭКСПО аумағында, ал қазір белсенді дамып келе жатқан «Астана» халықаралық қаржы орталығы әлемдік брендтерді, трансұлттық корпорацияларды, инвестицияларды тартудың тағы бір нүктесін құрудамыз. Мен баршаңызды бүгінгі іс-шарамен шын жүректен құттықтағым келеді. Жобамыздың жүзеге асуына тілектеспін және ендiгi жиынды 350 метр биiкте ɵткiзейiк», - деді Сұлтанов. Ɵз кезегiнде «Nest Investments HOLDINGS» компаниясының корпоративтік Инвестициялар жөніндегі директоры Мехран Эфтехар бұл əлемнiң 90 елi ұсынған әлемдегі ең ірі сауда қауымдастықтарының бірі екенін атап өтті.  «Дүниежүзiлiк сауда орталығының басты мақсаты жаңадан сауда жəне инвестиция жолдарын құру. Нұр-Сұлтан қаласымен бiрлесе отырып осындай игiлiктi iске қол жеткiзуге болатынына қуаныштымыз. Бұл жаңа жұмыс орнын құру, жаңадан инвестиция, технологиялар тарту мүмкiндiгi. Біз болашақта жобаның дамуын асыға күтеміз», - деді Мехран Эфтехар.  Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың қаңтар айында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа бас қаламыздағы Дүниежүзілік сауда орталығының ғимаратын салу жобасы таныстырылған болатын.

622 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Көшбасшы бол!
Келесі мақала Нұр-Сұлтанда «Композитор» фильмінің тұсаукесері өтті

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *