Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 20 Мамыр, 2019

Бірқатар қалалық бағдардың қозғалыс бағыты өзгереді

Қоғамдық көліктердің қозғалыс бағыты жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты өзгереді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«№ 3 бағдар бастапқы Теміржол вокзалы аялдамасынан Петров және Қ. Сәтбаев көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз жүреді. Бұдан кейін қоғамдық көлік солға Сәтбаев көшесіне, Сәтбаев көшесінен оңға Майлин көшесіне, Майлин көшесінен солға Тәуелсіздік даңғылына бұрылып, бекітілген қозғалыс сызбасына сәйкес соңғы аялдамаға жетеді. Автобус кері бағытта осы сызбаға сәйкес қозғалатын болады», – делінген «Астана LRT» компаниясының хабарламасында.

№ 18 бағдар бастапқы «Достық БМСК» аялдамасынан Петров және Қ. Сәтбаев көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз жүреді. Бұдан кейін қоғамдық көлік солға Сәтбаев көшесіне, Сәтбаев көшесінен оңға Майлин көшесіне, Майлин көшесінен оңға Тәуелсіздік даңғылына бұрылып, бекітілген қозғалыс сызбасына сәйкес соңғы аялдамаға жетеді. Автобус кері бағытта осы сызбаға сәйкес қозғалатын болады. № 40 бағдар Теміржол вокзалы аялдамасынан Петров және Қ. Сәтбаев көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз жүреді.

Бұдан кейін қоғамдық көлік солға Сәтбаев көшесіне, Сәтбаев көшесінен оңға Майлин көшесіне, Майлин көшесінен солға Тәуелсіздік даңғылына бұрылып, бекітілген қозғалыс сызбасына сәйкес соңғы аялдамаға жетеді. Автобус кері бағытта осы сызбаға сәйкес қозғалатын болады.  № 61 бағдар бастапқы «Теплотранзит» аялдамасынан Петров және Қ. Сәтбаев көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз жүреді. Бұдан кейін қоғамдық көлік солға Сәтбаев көшесіне, Сәтбаев көшесінен оңға Майлин көшесіне, Майлин көшесінен солға Тәуелсіздік даңғылына бұрылып, бекітілген қозғалыс сызбасына сәйкес соңғы аялдамаға жетеді. Автобус кері бағытта осы сызбаға сәйкес қозғалатын болады.

1082 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз