Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 22 Мамыр, 2019

«Жетісу өңірінің халық және халық композиторлары әндерінің антологиясы» жинағы жарыққа шықты

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жетісу өңірінің халық және халық композиторлары әндерінің антологиясы» жинағы Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен жарыққа шықты. Жинақ облыс әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай Талдықорған қаласында өткізілген салтанатты шарада таныстырылды, - деп хабарлайды kazgazeta.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап өтсек, «Жетісу өңірінің халық және халық композиторлары әндерінің антологиясы» жинағына жалпы саны 250-ге жуық ән кірген. Кітап қазақ халқының ғұрыптық әндері, халық әндері, халық композиторларының әндері дейтін 3 бөлімнен тұрады. Жинақтың тағы бір ерекшелігі – кітапқа енген барлық әндер жазылған CD-дискілер кітапқа қоса тіркелген.

Жалпы «Жетісу өңірінің халық және халық композиторлары әндерінің антологиясы» кітабын басып шығаруға жергілікті бюджеттен 5 млн. теңге бөлінген. Оның тиражын 150 дана шығару жоспарланып отыр.

Жалпы «Жетісу кітапханасы» 100 томдығы сериясының аясында өткен жылы 20 автордың кітабы жарыққа шықса, биылғы жылы 40 кітап басылады деп жоспарланған, соның 20-сы - жас ақындардың жинағы. Сол сияқты бұл қатарда «Мәдени ескерткіштер энциклопедиясы» 2 томдық кітабы да бар.

3949 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз