Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 22 Мамыр, 2019

Нұр-Сұлтанда балабақшаға жолдама алу жүйесі жаңартылды

Еліміздің бас қаласында балабақшаға жолдама алу жүйесі жаңартылғаны туралы Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин айтты.

"Қала тұрғындары үшін өзекті мәселенің бірі - балаларын мектепке дейінгі мекемелерге орналастыру.  2017 жылдан бастап осы қызметтер, яғни балабақшаларға кезекке тұру және жолдама алу қызметтері толығымен автоматтандырылған, е-Астана электрондық  жүйесі арқылы жүзеге асырылып жатыр. Осы күнге дейін 2 жылдың ішінде 70 мыңнан астам ата-анаға аталған жүйе арқылы қызмет көрсетілді",  - деді ол.

Бұл жүйені пайдалану барысында ата-аналар тарапынан  ұсыныстар мен сын-пікірлер келіп түскен. Солардың негізінде  жаңартылған. "Біріншіден, балаңызды кезекке қою және оған жолдама алу қызметтері енді ұялы телефон арқылы қолжетімді. Өздеріңіз білетіндей, бұл жүйеге кіріп жұмыс жасау үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы қажет еді. Бұл өз кезегінде ата-аналардың тарапынан наразылық тудырды. Сондықтан біз қажетті өзгерістер енгізіп, енді осы жүйеге кіру үшін ЭЦҚ-да, компьютер де қажет емес. Бұл қызметтерді смартфон арқылы алуға болады", - деді Ә.Жанғозин.

958 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз