Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 22 Мамыр, 2019

Наркескен: Неліктен аштық құрбандары назардан тыс қалады?

Алматыда «Ұлттық кітапханада «Қазақ газеттері» жауапкершілігі серіктестігі жанынан құрылған «Наркескен» интеллектуалдық-пікірсайыс клубының кезекті отырысы өтті. Бұл жолғы талқы 1930-жылдардағы ашаршылық тақырыбына арналды.

Жиынға жазушы Бейбіт Қойшыбаев, тарих ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Болат Жұмағұлов, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері Сәбит Шілдебай, саясаттанушы Мұхтар Сеңгірбай, Халықаралық «Абай» қорының директоры, қуғын-сүргін тарихын зерттеуші Жұмабек Ашуұлы, ҚР Президенті архивінің ғылыми қызметкері Айнаш Сейсенбаева және басқа тарихшылар, БАҚ өкілдері қатысты. Халқымызды қынадай қырған қызыл қырғынның әлі ашылмаған түйткілдері көп. Жиында сөйлеген тарихшылар аталған мәселені зерттеудегі өзекті мәселелерді тілге тиек етті. Мәселен, Бейбіт Қойшыбаев 1931-33 жылдардағы ашаршылықтың Украинадағы «Голодомор» сияқты әлем тарапынан мойындалуы және саяси бағасын алуы тиіс екеніне тоқталды. Саясаттанушы Мұхтар Сеңгірбай қазақ тарихындағы ақтаңдақтар жайлы айта келіп, бұл мәселелерге тарихқа жаңа көзқарас тұрғысынан қарау керектігін алға тартты. Өз кезегінде архив қызметкері Айнаш Сейсенбаева ҚР Президенті архивінде жаңа жоба – Ашаршылыққа арналған сайт ашылғанын жеткізді. Бұл сайтқа кез келген азамат өзінің туған-туыстары туралы деректерді енгізе алады. Қазіргі уақытта мұнда 2 мыңға жуық ашаршылық құрбанының аты-жөні және басқа мәліметтер бар. Сонымен бірге аталмыш сайттан ашаршылық жайлы жазылған еңбектерді, мақалаларды табуға болады. Алдағы уақытта бұл жоба толықтырыла бермек. Сондай-ақ, жиында ашаршылық құрбандарын еске алатын Аза күнін белгілеу жөнінде сөз қозғалды.

Шараның толық мәтіні «Ана тілі» апталығының алдағы нөмірінде басылады.

Дина ИМАМБАЕВА, журналист.

Суреттерді түсірген: Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

Бейнеге түсірген: Әлихан ЖАНАРБЕК

6733 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз