Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 23 Мамыр, 2019

Анар Абылқасова Ғылым комитетінің төрайымы болып тағайындалды

ҚР білім және ғылым министрінің бұйрығымен Анар Сайранқызы Абылқасова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің төрайымы болып тағайындалды, - деп хабарлайды kazgazeta.kz тілшісі премьер-министр баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Анар Абылқасова 1976 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1997 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін "журналист" мамандығы бойынша, 2000 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «журналистика магистрі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде журналистика кафедрасының оқытушысы ретінде бастаған.

2000-2004 жылдары - Солтүстік Қазақстан университетінің оқытушысы, аға оқытушысы. 2004-2009 жылдары - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің саясаттану кафедрасының аға оқытушысы, доценті. 2009-2015 жылдары ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің құрылымында жұмыс істеді: Хатшылық сарапшысы; Талдау орталығының сектор меңгерушісі, консультанты; Ситуациялық орталықтың сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2015 жылғы шілдеден бастап қазіргі таңға дейін ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарған.

636 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз