Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 23 Мамыр, 2019

Данияр Елеусіновтің жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі

«Хабар» арнасы 25 мамырда АҚШ-та өтетін кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің жекпе-жегін тікелей эфирден көрсетеді. Жекпе-жек Мэриленд штатының Оксон-Хилл қаласына өтеді. Елорда уақыты бойынша айқас уақыты 26 мамырдың таңертеңгі уақытына дөп келіп тұр. Айта кетсек, Данияр Елеусінов (6-0, 3 КО) Головкин-Роллс жекпе-жегінің андеркартында шығуы керек еді.  Алайда кейін боксшының менеджері Зия Әлиев Елеусіновтің 8 маусымдағы Головкин-Роллс андеркардындағы жекпе-жегі белгісіз себептерге байланысты болмайтынын жеткізген.  Кейін бұл мәселеге қатысты ҚР Кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко пікір білдіріп, Головкин мен Елеусінов арасында қандай да бір түсінбеушілік бар дегенге сенбейтінін айтқан болатын. Осы жағдайға байланысты Данияр Елеусінов 25 мамырда өтетін жекпе-жегіне қарсылас іздеп жатқан еді. Республикалық бірқатар БАҚ көздерінің хабарлауынша, Елеусінов мексикалық Мигель Де Хесус Замудио Алонсо (43-12-1, 27 КО) қарсы айқасқа шығады. Дереккөз: inform.kz 

886 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз