Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 24 Мамыр, 2019

Белсенді пікір алмасу

Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары К.В. Петров Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары шеңберінде 2019 жылғы 22 мамырда Орал қаласында сайлау комиссияларының мүшелері мен сайлау процесіне басқа қатысушыларға арналған семинарды өткізді. Семинарға бейнеконференцбайланыс режимінде кандидаттардың сайлау алдындағы штабтарының өкілдері, сондай-ақ облыстың барлық аудандарындағы сайлау комиссияларының мүшелері қатысты. Облыс әкімі аппаратының басшысы Р.Е. Исақұлов сайлау учаскелеріне сайлаушылар тізімдерінің берілгені, сайлау учаскелерін материалдық-техникалық жарақтандыру, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдарға жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі қолданған шаралар туралы баяндады. Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Г.Х. Қапақов сайлау комиссияларының мүшелерін каскадтық әдіспен және қашықтықта оқыту мен тестілеу әдісімен оқыту, сайлау учаскелерінің дауыс беру күніне дайындығы туралы ақпарат берді. Дайындық кезеңіндегі, сол сияқты тікелей дауыс беру күніндегі сайлау комиссиялары қызметінің мәселелеріне Орталық сайлау комиссиясының сайлау процесін ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Д.Т. Ысқақов толығырақ тоқталып өтті. Талқыланған мәселелер бойынша белсенді пікір алмасу болды. Сол күні Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары К.В. Петров дауыс беру күніне дайындықпен танысу және комиссия мүшелерінің жұмысын ұйымдастыру үшін Орал қаласының бірнеше сайлау учаскелеріне барды. Дереккөз:election.gov.kz

1138 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз