Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 29 Мамыр, 2019

Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары ЕЭК Құрметті төрағасы болды

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы атағын беру ұсынылды, деп хабарлайды kazgazeta.kz  ҚазАқпарат  тілшісіне сілтеме жасап.

«Өздеріңіз білетіндей, бүгінгі шара еуразиялық интеграция жөніндегі идеясының 25 және Еуразиялық экономикалық одақ жөніндегі келісімнің 5 жылдығына арналып отыр.  Еуразиялық  интеграция идеясының авторы және бастамашысы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаевқа жеке құрмет көрсетуге рұқсат етіңіздер.  Қазақстанның Тұңғыш Президентінің саяси  көрегендігінің арқасында еуразиялық  интеграция идеясы шынайы жүзеге асырылып, құрлықтың экономикалық, сонымен қатар геосаяси ландшафтын түрлендірді десек те болады. Сондықтан оның Еуразиялық экономикалық одақтың қалыптасуындағы рөлін ескере  келе РФ Президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Әбішұлына  Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің Құрметті төрағасы атағын беруді ұсынды», - деді Жоғары Еуразия экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысын ашқан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы ретте ҚР Президенті  осы бастаманы көтерген В.Путинге және бастамаға толықтай қолдау білдірген кеңеске мүше мемлекеттердің басшыларына ризашылығын білдірді.

1077 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз