Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 29 Мамыр, 2019

100 ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАЛАДЫ

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі бойынша қайырымдылық шараларын көптеп ұйымдастыру жұмыстары қолға алынған болатын. Бүгінгі таңға дейін Елордамыздағы мұқтаж отбасыларға қаладағы бірнеше мешіт бойынша қаржылай және азық-түлік түрінде көмек көрсетілді. Бұл туралы "Әзірет Сұлтан" мешітінің ақпараттық, рухани-ағарту порталы хабарлайды.

Осы орайда, 30-мамыр күні республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде де қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, 100 отбасыға азық-түлік тарату жоспарланып отыр. «Жақсылықта жарысайық» акциясы аясындағы қайырымдылық шарасы Нұр-Сұлтан қаласындағы көпбалалы мұқтаж отбасыларды қамтып отыр.

1994 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз