Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 31 Мамыр, 2019

Іле Алатауындағы "өрт" сөндірілді

"Алау-2019" оқу-жаттығуының шарты бойынша Іле-Алатауы Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркінің аумағында өрт болды. Алматы орман күзеті бөлмішесінің бақылаушы ұшқышы Алмаарасан шатқалының батыс беткейінде 3 га астам алаңда өсімдік жамылғысының жануын байқады. Бақылаушы өрт туралы дереу радиодиспетчерлік қызметке хабарлады. Олар орман паркінің өрт сөндіру арнайы техникасымен өрт шыққан жерге жедел жетті. Өзара іс-қимыл жоспарына сәйкес, өрт туралы ақпарат "112" және "101" қызметіне келіп түсті. Тұтанған өрт қатты желдің салдарынан орман паркінің аумағына тез таралып, жақын маңдағы туристердің шатырларына өту қаупін төндірді. Бұл Алматы қаласы ТЖД-і, Алматы қаласы және Алматы облысы ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ-і, "Қазавиақұтқару" АҚ-ы, "Алматы қаласы құтқару қызметі", "Қазәуеорманқорғау" РМҚК-ы, Іле-Алатауы Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, "Апаттар медицинасы орталығы" ММ-і, Алматы қаласының Медициналық қызметі, Алматы қаласының ПД-і, "Тазалық" МКК-ы, Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестиция Басқармасы, "Алматы қаласы құтқару Қызметі" кинологтарының қатысуымен өткен дәстүрлі оқу-жаттығуының сценарийі еді. Орман шаруашылығының өкілдеріне өрт сөндіру-құтқару бөлімшелері, сондай-ақ, ҚР ІІМ ТЖК "Қазавиақұтқару" АҚ-ның КА-32 көпфункциялы тікұшағы мен Алматы қаласы құтқару қызметінің МИ-8 тікұшағы көмекке келді.  Жедел өрт сөндіру техникалырының жоғары таулы жерлерге көтерілуінің қиындығы мен уақыттың тапшылығына байланысты өртті сөндіру үшін авиациялық техника қолданылды. Серік ӘУБӘКІРОВ, Алматы қаласы ТЖД бастығы, Өртке қарсы қызмет генерал-майоры: -Қауіпсіздік шараларын жүйелі түрде қамтамасыз ету және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға Азматтық қорғаныс күштерінің дайындығын арттыру, туризмді дамытуға және қала экономикасына инвестиция салуға ықпал етеді. 2018 жылы Қазақстанда 358 орман өрті болды. Алматы қаласында соңғы  7 жыл ішінде таулы-орманды жерлер мен қала аумағына іргелес орман-саябақ аймақтарында өрт қауіпті кезеңге дайындық кезінде жүргізілген алдын алу шараларының арқасында өртке берілген жоқ. Бауыржан ТӨЛЕПБЕРГЕНОВ,  «Қазәуеорманқорғау» РМҚК Алматы авиа бөлімінің басшысы: -Өрт-тілсіз жау. Әсіресе, орман өрті құрлық техникасымен қатар, авиатехниканы да өте қажет етеді. Биік таулы аймақтардағы орман өртін сөндіру үшін өрт ошағына әуеден су себіліп, әуе десантшылары түсіріледі. Бүгінгі оқу-жаттығуында біздің мекемеден Partenavia  ұшағы көтеріліп, өрт шыққан аумақты бақылап, тиісті мекемелерге хабарлады. Шатқал ішімен де жедел тобымыз қатысты. Барлығы жоспар бойынша өтті. Біз барлығымыз өрттің шықпауын тілейміз. Алдын алу үшін барлық түсіндіру шаралары жүргізілуде және күн сайын әуеден бақылау жүргіземіз. Орман-Отанымыздың байлығы. Сондықтан, оны болашаққа сақтап қалу біздің ең басты жұмысымыз. Іле Алатауында өткен оқу-жаттығуына барлық қызметтен 121 адам, 22 бірлік техника мен 4 әуе кемесі жұмылдырылды.

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

(Суреттерді түсірген автор)

Алматы қаласы

4962 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз