Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 14 Маусым, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековке жылы қабылдағаны үшін ризашылық білдіріп, Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми кіріскеннен кейінгі өзінің алғашқы сапарын Қырғыз Республикасынан бастағанының символдық мәні барын айтты. – Ұлықтау рәсімінен кейінгі Бішкек қаласында кездесуіміз – жақсылықтың нышаны. Біз жақында Нұр-Сұлтан қаласында кездесіп, екі жақты ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін талқыладық. Біздің қазіргі міндетіміз – сол келісімдерді жүзеге асыру, – деді Қазақстан Президенті. Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтап, екі ел қарым-қатынастарының одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді. Тараптар алдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің күн тәртібі бойынша пікір алмасты. Дереккөз: Ақорда.кз

844 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз