Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 14 Маусым, 2019

Бішкекте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы өтеді

Бүгін Қырғыз астанасы Бішкек қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 19-отырысы өтеді. Шараға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады. ШЫҰ-ның даму жай-күйі мен келешегі жайында пікір алмасылып, өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер талқыға түсетін отырысқа Қырғыз Президенті С.Жээнбеков төрағалық жасап,  Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Ресей Президенті В.Путин, Пәкістан Премьер-Министрі Имран Хан, Өзбекстан Президенті Ш. Мирзиёев, Тәжікстан Президенті Э.Рахмон қатысатындығы күтіледі. Мұнан бөлек, шараға Ауғанстан Президенті А.Гани, Беларусь Президенті А.Лукашенко, Иран Президенті Х.Рухани, Моңғолия Президенті Х.Баттулга қатысатындығы жоспарланған. Дереккөз: inform.kz

1926 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз