Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 17 Маусым, 2019

Отырардағы Сапар орталығы 1 қыркүйекте пайдалануға беріледі

Бұл туралы туризмді дамыту бағытындағы тиісті жұмыстармен танысу үшін Түркістан облысына арнайы келген ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы сөз етті.

Министр ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен салынып жатқан Отырар қалажұрты сапар орталығының құрылыс жұмыстарын көрді. Жалпы ауданымыздағы Сапар орталығын салудағы басты мақсат Отырар оазисінің мәдени мұрасын еліміз бен шет елдерде насихаттау, Отырар қорық-музейінің территориясында орналасқан тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету, сонымен қатар, туризм саласының заманауи талаптарына сай туристік орталық қалыптастыру болып табылады. Елбасымыз өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «Ежелгі Отырар қаласының бірқатар нысандарын – үйлері мен көшелерін, қоғамдық орындарын, су құбырларын, қала қамалының қабырғалары мен тағы да басқа жерлерін ішінара қалпына келтіретін туристік жоба да қызықты болмақ. Осының негізінде білімді дәріптеуге және туризмді дамытуға баса мән берілуі қажет», - деп ерекше атап өткен болатын. Осының негізінде салынып жатқан нысан министрлік тарапынан Отырар ауданындағы туризмді дамыту бағытында жасалған ауқымды істердің бастауы болмақ. Алдағы уақытта жергілікті әдімдік тарапынан да абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, екіжақты шаралардың нәтижесінде Отырарда заманауи туризм кластері қалыптасады деп күтілуде. Бұл туралы Арыстанбаб және Отырартөбе қалажұрты маңындағы абаттандыру жұмыстарының жобасымен таныстырған аудан басшысы Ерлан Қуанышұлы игілікті істің түпкі мақсатына жан-жақты тоқталып өтті. Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің директоры Ерсін Тәжібаев Сапар орталығында атқарылған жұмыстар бойынша мәлімдеді.

Сондай-ақ Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлының тікелей қолдауымен ауданымыздағы туристік маршрут бойына абаттандыру, көгалдандыру, жарықтандыру, аяқ жол мен вело жолдар, скверлер мен саябақтар және ойын алаңдарын салынатындығын ерекше атап өтті. Батырлық пен қайсарлықтың жарқын үлгісі болған Отырар төбедегі археологиялық, туристік нысандармен жан-жақты танысқан Арыстанбек Мұхамедиұлы Арыстанбаб кесенесіне зиярат жасап, одан әрі облыс орталығы Түркістан қаласына аттанып кетті.

1062 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз