Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Рухани жаңғыру
  • 17 Маусым, 2019

Рухани жаңғыру және ұлттық әдебиет

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 2019 жылдың 14 маусымында ақын, драматург, ғалым Әбділда Тәжібаевтың 110 жылдығына арналған «Рухани жаңғыру және ұлттық әдебиет» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Бұл туралы  институттың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Конференцияда көрнекті қаламгер Ә.Тәжібаевтың шығармашылық мұрасы ғылыми тұрғыдан жан-жақты талқыланды. Әдебиеттанушы, өнертанушы мамандар мен жас ғалымдардың қатысуымен өткен конференцияда К.Матыжанов, Б.Жақып, С.Дәуітұлы, С.Балғабаев, Н.Ақыш, Г.Орда, А.Мұқан, З.Исламбаева сынды белгілі ғалымдар сөз сөйлеп, Ә.Тәжібаевтың азаматтық, ақындық һәм ғалымдық тұлғасына қатысты ғылыми ой-пікірлерін ортаға салынды.

Республикалық Орталық ғылыми кітапхана тарапынан Ә.Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Конференцияда кіріспе сөз сөйлеп, ғылыми жиынды ашып берген М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері К.Матыжанов Ә.Тәжібаевтың қазақ руханиятындағы орны туралы сөз қозғады.

Сондай-ақ, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары, филология ғылымдарының докторы, профессор, ақын Б.Жақып «Ә.Тәжібаев және қазақ поэзиясы» деген тақырыпта арнайы ғылыми баяндама жасады. Филология ғылымдарының докторы, профессор С.Дәуітұлы мен М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Тәуелсіздік дәуірдегі әдебиет және көркем публицистика бөлімінің бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Н.Ақыш Ә.Тәжібаевтың үлкен таланттың ұлағатты қырлары туралы естеліктер айтса, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, драматург С.Балғабаев, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Театртану және кино бөлімінің меңгерушісі, өнертану ғылымдарының кандидаты А.Мұқан және Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті, өнертану ғылымдарының кандидаты З.Исламбаевалар Ә.Тәжібаевтың драматургияға қосқан үлесін, оның театрда қойылған пьесаларының көркемдік деңгейін жан-жақты талдады.

Ал М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Тәуелсіздік дәуірдегі әдебиет және көркем публицистика бөлімінің бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Г.Орда Ә.Тәжібаев шығармаларының зерттелуіне тоқталып, бұрынғы-соңды ғылыми зерттеулердің жай-күйімен көпті таныстырды.

6821 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз