Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 19 Маусым, 2019

Автобус жүргізушілерінің денсаулығын «кресло» тексереді

Алматыда қоғамдық көлік жүргізушілерінің денсаулығын орындықтары тексеретін болды. Бұл туралы қалалық Мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Қанат Байқоңыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

«Елімізде автобус жүргізушілерінің денсаулығына байланысты жол апаттары жиі белең алып келеді. Осыған байланысты Алматыда жаз соңына дейін жүргізушілердің денсаулығын тексеретін электронды жүйе ойластырылып жатыр. Бұл құрал жүргізушілердің уақытша жұмысқа қабілетінің жоқтығын немесе қабілетті екенін медициналық тұрғыдан тексереді», - деді facebook-тегі парақшасында Қанат Байғоңыров.

Арнайы датчиктермен жабдықталған орындық адамның артериалды қан қысымын, тамыр соғысын, температурасын анықтайтын болады.

Сонымен қатар, алкогольдік және есірткі заттарын қолданғанын көрсетіп бере алады.

Бұл ақпарат арнайы жүйемен өңделіп болған соң, жүргізушіге көлік тізгіндеуге рұқсат беріледі.

Электронды жүйе жүргізушілердің кесірінен болатын жол апаттарын төмендетуге мүмкіндік береді.

770 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз