Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 19 Маусым, 2019

ПРЕЗИДЕНТКЕ ҮНДЕУ ЖОЛДАДЫ

Күні кеше аяқталған Президент сайлауы - барлық қазақстандықтардың және әлемнің қызығушылығын тудырған маңызы зор оқиға болғаны айдан анық.  

Еңбекшілердің мүддесі мен құқын қорғайтын ірі қоғамдық ұйым Кәсіподақтар федерациясы да Қазақстан Президенттігіне өз кандидатын ұсынғаны белгілі. Кәсіподақ атынан бақ сынаған үміткер мен оның сенімді өкілдері еліміздің барлық өңірлерінде 2350 кездесу өткізіп, осы арқылы сайлаушылар өздерін толғандырған әлеуметтік мәселелерді  жеткізе  білген.

         Сайлау қорытындысына байланысты Кәсіподақтар федерациясы Бас кеңесінің Нұр-Сұлтан қаласында отырысы өтіп, нәтижесінде Қазақстан Республикасының жаңадан сайланған Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Үндеу жолдады.

«Біз бүгінде ел дамуының жаңа кезеңіне аяқ басқан әр қазақстандық отбасының, бүкіл қоғамның әл-қуаты әлеуметтік әріптестік тараптарының ел өмірінің барлық салаларындағы ортақ іске тең дәрежеде атсалысуына байланысты екендігіне сенімдіміз. Әлеуметтік әріптестік институты қазіргі таңда Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде тұрақтылықтың кепілі болып табылады.

Кәсіподақтар федерациясы Сіздің  Мемлекет басшысы ретінде еліміздің кәсіподақтарына әлеуметтік-экономикалық мәселелер және адамдардың  Конституциялық құқықтарын қорғау мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру мәселелері бойынша жан-жақты қолдау көрсететініңізге сенімді.

ҚР Кәсіподақтар федерациясы Үкімет және мемлекеттік органдар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саясатын жетілдіруге бағытталған кешенді іс-шараларды жүзеге асыруы тиіс деп есептейді.

Біз Халықаралық еңбек ұйымының бірқатар конвенциясын, атап айтқанда, «Әлеуметтік қамсыздандырудың төменгі нормалары туралы» 102 конвенциясын, «Дамушы елдерді ескере отырып, төменгі еңбекақыны бекіту туралы» 131 конвенциясын, «Ұжымдық келіссөздерге жәрдемдесу туралы» 154 конвенциясын, «Толық емес жұмыс уақыты жағдайындағы еңбек туралы» 175 конвенциясын, «Ауыл шаруашылығындағы еңбек гигиенасы мен қауіпсіздігі туралы» 184 конвенциясын бірінші кезекте бекіту маңызды деп санаймыз.

Халықаралық еңбек ұйымының жоғарыда көрсетілген конвенцияларын бекіту Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік заңнамасын жетілдіруге, барлық санаттағы жұмысшылардың еңбек құқықтары мен оларға берілетін кепілдердің артуына жәрдемдеседі» делінген Үндеуде.

Бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру қазіргі уақытта билік ерекше назар аударуға тиісті мәселелердің бірі екені белгілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолданған Үндеуде осы көкейкесті мәселе де қалыс қалмаған.

Тағы да бір айрықша алаңдатып отырған жағдай – өндіріс орындарында еңбек адамдарының жарақат алу мен мерт болуы азаяр емес. Оны ойдағыдай шешудің бірден-бір жолы – «Қауіпсіз еңбек» мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ өндірістік жарақаттануды азайту, еңбекті қорғау жүйесін енгізу, кәсіби қауіптерді саралау бойынша кешенді жоспар әзірлеу қажет. Кәсіподақтар федерациясы осындай ұсыныс жасап отыр.

«Еңбекті қорғауды басқару жүйесін жетілдіру, жазатайым жағдайлардың алдын-алуды күшейту, жұмыскерлердің талап қою рәсімін және татуластыру рәсімдерін өткізуді жеңілдету, ұжымдық шарттарды міндетті түрде жасау мәселелері бойынша Еңбек заңнамасын жетілдіру қажеттілігі туындап отыр.

Біз осы маңызды міндеттерді жүзеге асыруда кәсіподақтардың, Үкіметтің және жұмыс берушілердің бірлескен күш-жігері Қазақстанда Еңбек адамына әлеуметтік әділдік пен лайықты еңбек шарттарын қамтамасыз ететіндігіне сенімдіміз» делінген Үндеуде.

 Ғалым ОРЫНБАСАРҰЛЫ

Нұр-Сұлтан қаласы.        

660 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз