Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 20 Маусым, 2019

Бұғы ашқан жаңалық

Алтай тауының шалғай түкпіріне жол тартқан жаралы бұғыны аңшы қуа береді. Алыстап кеткен бұғының қарасымен соңынан қуып жеткен аңшы, оның буы бұрқыраған батпақты бұлаққа «шомылғанын» көргенде таң қалады. Кейін бұл бұлақ, оны тапқан аңшының атымен Рахманов бұлағы деп аталған. Жуырда Қазақстанның бір топ ғалымдары көптеген ғасырлар бойы жабайы аңдардың жарақаттанған жерін балшықпен емдейтін бұлақ суын зерттеу жұмысын аяқтады. Мұндағы судың құрамында кремний мен көмір қышқыл тұздары – кальций және натрий тұздары бар екендігі анықталды. Судың температурасы 31-42 градус. Бұл бұлақ суы шамалы радиоактивті. Өзінің құрамы жағынан ол Цхалтубоның, еліміздегі кейбір басқа курорттардың да суына ұқсас. Міне, бұғының көмегімен осындай жаңалық ашылды.

Нұрлан Құмар

2791 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз