Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 24 Маусым, 2019

АРЫСТАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ОБЛЫС БАСШЫСЫНЫҢ БАҚЫЛАУЫНДА

Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев Арыстағы әскери бөлімшеде орын алған жарылысқа байланысты оқиға орнына барды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда арнайы штаб құрылып, әскерилер мен құқық қорғау органдары ТЖ аймағына келіп жетті.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, тұрғындарды

1.Ақдала бұрылысы

  1. 41 разъезд
  2. Водозобор бағытында лагерльерге орналастырылады.

Аталған үш бағыт бойынша әскери көліктер, камаздар мен арнайы жасақ жұмылдырылуда.

Лагерь басында тұрғындарды аудан әкімдері қарсы алып, жайғастырады.

Әлеуметтік нысандарды (аурухана, балалар) полиция қызметкерлері көшіруде.

Қазіргі таңда көптеп тарап жатқан "Бөген" су қоймасынан келетін қауіп туралы ақпараттың жалған екенін мәлімдейміз.

Сондай-ақ,Отырар мен Ордабасы аудандарында 100 орындық екі госпиталь ашылды. Қосымша 30 жедел медициналық көлігі жұмыс істеуде.

 

 

 

1092 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз