Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 02 Шілде, 2019

Болашақ қаласы - зияткерлер жобасында...

Павлодар қаласында өткен робототехникадан  бүкіләлемдік олимпиаданың  республикалық  біріншілігінен  алматылық оқушылар командасы жеңіспен оралды.  Биыл Бүкіләлемдік олимпиаданың тақырыбы - "SMART CITY" - Ақылды қала. Жарыста Қазақстанның барлық аймақтарынан келген  екі жүзден астам қатысушы  әзірлеп әкелген болашақ   қала жобаларын паш етті. Біріншілік  жеңімпаздары, Алматы қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушылары Никита Носков пен  Даниил Прохоренко   толығымен автономды режимде бірқатар миссия орындайтын  робот әзірледі. Чемпиондардың роботы барлық тапсырмаларды 100 пайызға орындап,   алға шықты. Келесі санатта Қазақстан чемпиондары атанған,  Зияткерлік мектептің 9-сынып оқушылары Шыңғыс Қуанышбай мен Михаил Дудинов  иженерлік құрылғылардың, лифттің , көлікті байланыссыз жуу мен сымсыз зарядтаудың қағидаларын біріктіретін үш деңгейлі смарт - паркинг жүйесін әзірледі.    Смарт-паркингтерді енгізу басқа да инновациялық артықшылықтарымен бірге,   жерді айтарлықтай үнемдеуге және толық қауіпсіздікке қол жеткізуге ықпал етеді, деп санайды оқушылар. Қала бойынша ең жылдам әрі қауіпсіз көлік нұсқасын  чемпионат жүлдегерлері, Зияткерлік мектептің 11 сынып  оқушылары Асылбек Сәкенов пен Асанқұл Ескендір ұсынды. Ақылды қала үшін олар таксидің автопилоттық сервизін әзірледі. Жасанды интеллект толығымен ең ыңғайлы маршрутты, нақты шешімдерді шығарып, толық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және ең қысқа уақыт ішінде сізді орныңызға  жеткізеді. Қазіргі таңда  “Highway to future”  қиял болып көрінгенімен,    балалар келесі онжылдықта таксидің автопилот сервизінің қызметіне ірі мегаполистің әрбір бесінші тұрғыны жүгінетін болады деп санайды.   Оған мысал ретінде,  күншығыс елін келтіріп отыр. Чемпиондар күзде Венгрияда өтетін World Robot Olympiad (WRO) - 2019-ға еліміздің атынан қатысады. WRO –  оқушылар мен студенттерге арналған робототехника бойынша халықаралық олимпиада. Қазіргі уақытта WRO -  спорттық робототехника саласындағы әлемдегі ең ірі, бірден бір танымал жарыс  болып табылады. Зияткерлер робототехника бойынша әлемнің үздік 10 командасының қатарына кіруді көздеп отыр.

937 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз