Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 18 Шілде, 2019

"Киелі Алтай: Берел-2019" фото блог-турының екінші күні

Еліміздің шығысында өтіп жатқан "Киелі Алтай: Берел-2019" фото блог-турының қатысушылары Қатонқарағай ауданының көрікті жерлерімен танысты. Айта кетейік, шара республикалық "Фотоөнер" ҚБ мен "Шығыс Ақпарат" медиахолдингінің ұйымдастыруымен және «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің қолдауымен өтіп жатыр. "Қатонқарағай" Мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі Австриялық тас жолына жеткенше, фото блог-тур мүшелері Тарғын, Тайынты, Қайыңды, Сарыбел, Мұрат өзендері, Қасқатау тауы,  Бұқтырма су қоймасы, Үлкен және кіші Нарын, Нарын, Сурка, Согорная, Бұқтырма өзендері, Тарбағатай, Алтай таулары сияқты үлкенді-кішілі өзендер мен елді-мекендеден, таулы шатқалдар мен асулардан өтті. Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ, Шығыс Қазақстан облыстық "Дидар"  газетінің жауапы хатшы-орынбасары: -Фото блог-турдың екінші күні Васильев өткелімен Қатонқарағай ауданына жеттік. Бұл күні бізге "Қатонқарағай" Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қолдау көрсетті. Олар көлік беріп, тауға көтерілуімізге мүмкіндік жасады. Солардың қолдауымен ескі Австриялық тас жолмен Солдатқұлаған асуына шықтық. Бұл жол-1915-1916 жылдары Бірінші Дүниежүзілік соғыстан тұтқынға түскен-венгрлердің, австриялықтардың күшімен, таза қол еңбегімен, ешқандай техникасыз салынған. Үлкен қариялар бұл жолды Қытайға тура өту үшін стратегиялық мақсатта салынған деп айтады. Арғы бетіне қарай-Марқакөл жаққа өте бергенде - Аққаба, Қарақаба, Арасандықаба деген өзендер бар. Сол өзеннен өтетін көпірлерді де салған. Бір қызығы, сол маңда-"Қыз суреті" деген жер бар. Таста табиғи бояумен тұтқындардың салған қыз суретінің бейнесі бар. Бір ерекшелігі - суретке  әр қырынан қарасаң да, бірдей көрінеді. Сол жерден арықарай жеткенде, тұтқындар шетінен өле бастаған екен. Олардың зираттары, Уранхайка деген жерде жерленген. Содан кейін, кеше біз Солдатқұлаған асуына шықтық.  Сол жерден атақты - Мұзтау шыңын суретке түсірдік. Сонымен қатар, жоғарыдан Шыңғыстай ауылын, Бұқтырма өзенін тамашаладық. Байжан ОШАЕВ, "Қатонқарағай" Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мемлекеттік инспекторы: -Тарбағатай жотасындағы Австриялық тас жолдың жалпы ұзындығы - 100 шақырым қашықтықты құрайды. Біз фото блок-тур мүшелерін Солдатқұлаған асуы арқылы Бұрхат көліне дейін жеткіздік. Бұл жер теңіз деңгейінен - 2000 метр биіктікте орналасқан. Осы таулы жотада, Қатонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі ең үлкен  - Шыңғыстай орманшылығы орналасқан. Оның аумағы - 120 мың гектар жерді құрайды. Еске сала кетейік, фото блог-тур мүшелері бір апта бойы Қатонқарағай ауданының тұмса табиғаты мен тарихи орындарын таспаға түсіреді. Экспедиция мүшелерінің бірінші күнінде "Шығыс Ақпарат" медиахолдингінің қолдауымен Өскемендегі "Этноауыл" саябағымен танысқан болатын.  Ал бүгін фото блог-тур мүшелері "Шығыс Ақпарат" медиахолдингі мен «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қолдауымен «Берел» музейі мен қорымын аралап, кәсіби суреттер түсіру үстінде.

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ,

Өскемен-Қатонқарағай-Берел,

Шығыс Қазақстан облысы.

(Суреттерді түсірген автор)

                   

5329 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз