Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Өзекті
  • 25 Шілде, 2019

БӘЙДІБЕКТЕ ЕГІСТІК КӨЛЕМІ 93 МЫҢ ГЕКТАРДАН АСТЫ

Түркістан облысының әкімі жұмыс сапарымен Бәйдібек ауданына барды. Өмірзақ Естайұлы аудандағы бірқатар нысандарды аралап, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Өңір басшысы сапарын алдымен   Мыңбұлақ ауылдық округі, Нұра елді мекеніндегі «Салюрбей Груп» ЖШС-нен бастады. Серіктестік мақта егуді қолға алған. Жобаға сай ақ алтыннан гектарына 40 центнер өнім алмақ ниетте. Бүгінде жалпы 250 гектарға егілген мақтаның күтімі жасалуда. Арнайы қазылған ұңғыма арқылы суарылуда. Онда 10 адам еңбек етеді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Бұдан соң, облыс әкімі Ақбастау ауылдық округі «Қозыке»  өндірістік кооперативіне ат басын бұрды. 1992 жылы құрылған кооператив асыл тұқымды бұқалардың санын көбейтуде. Ал баптап отырған сиырларының саны бүгінде 250-ге жеткен. Сондай-ақ, кооперативтің егістік алқабында мақта, жоңышқа, күздік бидай егілген. Мұнда 18 адам тұрақты жұмыс істейді. Өндірістік кооператив қажетті техникаларын да түгендеп алған.

Кейін Өмірзақ Естайұлы Боралдай ауылдық округі, Талап елді мекеніндегі «Tau Alma Bak» ЖШС-не де  аялдады. Интенсивті алма бауы 45 га жерге орналасқан. Алқапта шабдалы мен алхоры жесім талдары егілген.

Жалпы атқарылған жұмыстарға қаныққан облыс басшысы аудан басшылығына суармалы жерлердің көлемін ұлғайтып, ет экспортын арттыра түсуді тапсырды.  Сондай-ақ, шаруаларға қажетті мемлекеттік қолдаулар мен жер телімдері кедергісіз қолжетімді болуын қадағалауды жүктеді.

Айта кетейік, ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі Бәйдібек ауданы бойынша 93 мың гектардан астам болса, облыс көлемінде 823 мың гектар аумаққа егілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,8 мың га артық. Бүгінгі таңға 127,4 мың га масақты дақылдар жиналып, 19,8 центнерден 252,5 мың тонна астық жиналған. Жинау жұмыстары жалғасуда.

2655 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз