Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 25 Шілде, 2019

Танымал ақын Бекжан Әшірбаевпен кездесу өтті

Алматы қаласындағы Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада «Жас қалам» атты жас оқырмандар үйірмесінің поэзия сағатына арнайы танымал ақын, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бекжан Әшірбаев келді.

Жас оқырмандарға ақындық өнердің қыр-сырлары мен өзінің шығармашылығы туралы айтып берді. Ақын алғашқы өлеңін мектеп қабырғасында жаза бастапты. Ер жете келе лирикаға ойысқан. Қазіргі таңда поэзия әлемінде пәлсафаға бай терең ойларды жырлап жүрген ақын жастарға ұлтымыздың құндылықтары туралы әңгімелеп, адамгершілік, патриоттық тәрбие жөнінде ойларымен бөлісті. Қалай десек те, ақынмен болған қызықты кездесу балалардың есінде ұзақ сақталмақ.

Бұл шараның мақсаты – заманға сай белсенділік көрсете алатын, халқымыздың тарихын, дәстүрін, өнерін, әдебиеті мен мәдениетін ұлттық құндылық ретінде бағалап, құрметтей білетін тұлға қалыптастыру.

Үйірме бағдарламасы аясында Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірген Түрік қағанатының батыры туралы «Күлтегін» мультфильмі көрсетілді. Сондай-ақ, кітапхана қорындағы балаларға арналған әдебиеттер жайлы кеңінен таныстырумен қатар, балаларға көркем поэзияны оқытуды үйретті. Шара соңында балалар оңалту кабинетінде ашылған шахмат, дойбы және тағы бақа спорттық ойындар үйірмесінде ойын ойнап, караокамен ән шырқады.

Эльмира Серікбайқызы

1200 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз