Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 27 Шілде, 2019

Алматыда көлік ұрысын ұстауға куәгерлер көмектесті

Алматының тәртіп сақшылары көлік ұрысын куәгерлердің көмегімен ұстады. Сағат 01:45-тер шамасында «Қазақфильм» шағын ауданында тұратын Ч. атты тұрғын ауласында өзінің достарымен бірге серуендеп жүрген. Бір кезде ол қандай да бір заттың сынған даусын естіп, бұрылғанда «Toyota Camry 70» маркілі көлігінің жанында тұрған ер адамды көреді. «Бір төтенше жағдайдың болғанын түсінген тұрғын жанындағы достарымен көліктің жанына барғанда оның айнасының жоқ екенін көрген. Сол кезде ол айналасына білдірместен жылдам кетіп бара жатқан адамды көріп, оны тоқтатпақ болып, айқай салады. Күдікті өзіне қарата айтылған дауыстан соң бірден қаша жөнелген. Алаңда жүрген жігіттер оны артынан қуып, жете алмай қалады. Алайда олар полицияға хабар беріп, ұрының бет-әлпетін суреттеп берді. Бірнеше сағаттан соң жедел уәкілдер ұрыны ұстап, ол басқармаға жеткізілді»,-деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев. Ұсталған 22 жастағы З-ға қатысты ҚР ҚК 188 бабы бойынша сотқа дейінгі іс тіркелді. Оны ұстағанда заттай айғақ, яғни көліктің айнасы табылды. Ұсталған адам өзінің кінәсін толық мойындады.

Дереккөз: inform.kz

687 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз