Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 30 Шілде, 2019

Жетісай ауданында асфальт зауыты іске қосылды

Түркістан облысының Жетісай ауданында асфальт зауыты іске қосылды. Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда Жетісай ауданында жол жөндеу жұмыстары қарқын алған. Аудан орталығындағы М.Әуезов көшесінің 2 шақырым учаскесінде орта жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Бұдан бөлек, қала, кент, ауыл округтері мен «Шардара-Жетісай» автомобиль жолының бірқатар бөліктерінде жол жөндеу жұмыстары жалғасуда. Аталған жұмыстарға қажетті асфальт Жетісай ауданының өзінде әзірленуде. Айталық, жуырда Жетісай ауданы, Қазыбек би ауыл округінде «Ханшебер» ЖШС сағатына 100 тоннаға жуық асфальт өндіретін зауытты іске қосты. Қазір мұнда 30-ға жуық адам жұмыспен қамтылған. Зауытқа қажетті негізгі шикізат Шымкент қаласынан тасымалданады. Кәсіпорынның бас механигі Ермахан Әшірбаевтың айтуынша, Жетісай ауданындағы жол жөндеу жұмыстарына қажетті асфальтты Шымкенттен тасымалдау тиімсіз. Оның үстіне қашықтық 250 шақырымд. Сондықтан аталған серіктестік құрылыс нысандарына жақын жерден асфальт зауытын салып, қосымша тапсырыстарды да тоқтатпай қабылдап жатыр.

Дереккөз: inform.kz 

767 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз