Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 01 Тамыз, 2019

«Туған жер» шығармашылық байқауы өтеді

Байқаудың мақсаты – жастардың патриоттық шығармашылығын дамыту.

Байқаудың міндеттері:

  • Жастардың ізденісін артыру;
  • Жастарды туған жерінің патриоты болуға баулу;
  • Жастар шығармашылығына көңіл бөлу;
  • Ақын-жазушылар, суретшілер, өнертапқыштар мен жастар арасында байланыс орнату арқылы жастарға кәсіби мотивация беру;
  • Ауылдардағы (шалғай елді-мекендерде) білікті жас мамандарды және өз ауылының көркеюіне үлес қосып жатқан кәсіпкерлерді БАҚ арқылы насихаттау.

Байқау 4 номинациялары:

1-номинация. «Үздік мақала». Бұл номинация бойынша жастар арасында үздік эссеге, әңгімеге шығармашылық байқау жарияланады.

2-номинация. «Үздік поэзия». Бұл номинация бойынша жастар арасында үздік өлеңге шығармашылық байқау жарияланады.

3-номинация. «Үздік бейнелеу өнері». Бұл номинация бойынша жастар арасында үздік суретке, бейнелеуге шығармашылық байқау жарияланады.

4-номинация. «Үздік өнертабыс». Бұл номинация бойынша жастар арасында үздік ғылыми, тұрмыстық және т.б. өнертабысқа байқау жарияланады.

5-номинация. «Үздік бейнеролик». Бұл номинация бойынша жастар арасында үздік бейнероликке шығармашылық байқау жарияланады.

6-номинция. «Үздік дәстүрлі музыка орындаушысы». Бұл номинация бойынша жастар арасында үздік дәстүрлі ән мен күйге шығармашылық байқау жарияланады.

Байқау шарттары:

  • «Үздік мақала» номинациясы бойынша шығармашылық жұмыстар Microsoft Word түрінде қабылданады. Мақала көлемі 14 шрифтпен, 1,0 интервалмен, 5 беттен аспау керек.
  • «Үздік поэзия» номинациясы бойынша шығармашылық жұмыстар Microsoft Word түрінде қабылданады. Өлеңнің көлемі 14 шрифтпен, 1,0 интервалмен, 120 жолдан аспау керек.
  • «Үздік бейнелеу өнері» бойынша шығармашылық жұмыстар А3 форматындағы ватман қағазға (тығыздығы 200 граммнан кем емес) бейнеленіп, ұйымдастырушылардың мекен-жайына (Алматы қаласы, Байзақов көшесі 222, 8-офис) жолдануы тиіс. Сондай-ақ суреттің электронды нұсқасы jpg (300 пиксельден кем емес) түрінде ұйымдастырушылардың электронды поштасына жолдану керек.
  • «Үздік өнертабыс» бойынша шығармашылық жұмыстар анимациялық видеоролик (ұзақтығы 1 минуттан артық емес) немесе презентация (слайд) түрінде қабылданады.
  • «Үздік бейнеролик» бойынша шығармашылық жұмыстар электронды тасымалдағыш арқылы (USB флешка) ұйымдастырушылардың мекен-жайына (Алматы қаласы, Байзақов көшесі 222, 8-офис) және adyrnafund@gmail.com электронды поштасына жолдануы тиіс. Бейнероликтің көлемі 720p-1080p аралығында.
  • «Үздік дәстүрлі музыка орындаушысы» номинациясы бойынша шығармашылық жұмыстар электронды тасымалдағыш арқылы (USB флешка) ұйымдастырушылардың мекен-жайына (Алматы қаласы, Байзақов көшесі 222, 8-офис) және adyrnafund@gmail.com электронды поштасына жолдануы тиіс. Бейнероликтің көлемі 720p-1080p аралығында.
  • Бір қатысушы бір номинацияға тек бір жұмыс қана жібере алады, ал жалпы 1 қатысушы байқау аясында тек 2 номинацияға ғана қатыса алады, одан артық жұмыс ұсына алмайды.
  • Материалдар тек қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.
  • Байқауға 14 пен 29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының тұрғындары қатыса алады.
  • Қатысушылар шығармашылық жұмыстарға өздерінің толық аты-жөнін, телефон нөмерін, мекен-жайын және өздері туралы қысқаша мәліметті қосып жазып, adyrnafund@gmail.com электронды поштасына жіберу керек.

Байқау талаптары:

  • Байқауға шығармашылық жұмыстарды қабылдау 2019 жылдың 30-шілдесі күні Астана уақыты бойынша сағат 09.00-де басталып, 2019 жылдың 30-тамызында сағат 17.59-да аяқталады.
  • Қазақстанның егемендігіне, біртұтастығына, бірлігіне нұқсан келтіретін материалдар байқауға қабылданбайды және «Адырна» ұлттық порталында жарияланбайды.
  • Шығармашылық жұмыстардың мазмұны жобаның атауына («Туған жер») сай болу керек.

Байқау барысы:

  • Барлық шығармашылық жұмыстар «Адырна» ұлттық порталының «Туған жер» айдарына жарияланады.
  • Жеңімпаздарды ақындардан, жазушылардан, суретшілерден, кәсіпкерлерден, журналистерден, қоғам қайраткерлерінен жасақталған қазылар алқасы анықтайды.
  • Жеңімпаздар 2019 жылдың қазан айында Алматы қаласында өтетін қорытынды шығармашылық фестивальде марапатталады.
  • Жеңімпаздар алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Байқауға қатысу үшін ұсынылған жұмыстар:

  • Объективтілігіне;
  • Креативтілігіне;
  • Мазмұнына;
  • Көркемдігіне;
  • Сапасына;
  • Өзектілігіне және т.б.

қарай бағаланады.

Жүлде қоры

«Үздік мақала» «Үздік поэзия» «Үздік бейнелеу өнері» «Үздік өнертабыс» «Үздік бейнеролик» «Үздік дәстүрлі музыка орындаушысы»
1-орын – 130 мың теңге 2-орын – 90 мың теңге 3-орын – 60 мың теңге 1-орын – 130 мың теңге 2-орын – 90 мың теңге 3-орын – 60 мың теңге 1-орын – 130 мың теңге 2-орын – 90 мың теңге 3-орын – 60 мың теңге 1-орын – 130 мың теңге 2-орын – 90 мың теңге 3-орын – 60 мың теңге 1-орын – 130 мың теңге 2-орын – 90 мың теңге 3-орын – 60 мың теңге 1-орын – 130 мың теңге 2-орын – 90 мың теңге 3-орын – 60 мың теңге

Ұйымдастырушылар:

  • ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қоры.

Толық ақпаратты 8 747 271 08 95 нөмірі арқылы біле аласыздар. (Сұрақтарыңызға дүйсенбі-жұма күндері аралығында сағат 09.00-18.00 арасында ғана жауап бере алады).

5743 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз