Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 01 Тамыз, 2019

Онколог темекі шегудің зияны туралы

IQOS құрылғысын пайдаланудан келетін зиян қарапайым темекіні шегуден туындайтын зиянға қарағанда азырақ болып келеді.

Бұл туралы Н. Блохин атындағы Онкология Ұлттық медициналық зерттеу орталығы жанындағы ісіктердің эксперименттік диагностикасы және терапиясы ҒЗИ директорының орынбасары Константин Лактионов мәлімдеді.

Маманның айтуынша, канцерогенді заттар ағзаға енетін уақыттағы температура маңызды рөл ойнайды, бұл жағдайда IQOS — зияны «азырақ бәлекет» болып табылады. Осыған қоса, маман темекі шегудің зияндылығын да еске салды.

Лактионов атап айтқандай, темекі өкпе обырынан бастап ішек обырына дейінгі 10-нан астам қатерлі ісік түрлерінің қалыптасуына әкеп соқтырады.

Сигараларды шегу, өз кезегінде, ауыз қуысы қатерлі ісігінің, ал мүштікті шегу — ерін қатерлі ісігінің пайда болуына септігін тигізеді.

Осылайша темекі шегуші өзі шалдығатын қатерлі ісікті өзі таңдайды, — деп жазады «Москва» қалалық жаңалықтар агенттігі Лактионовтан дәйексөз келтіре отырып.

Дәмеш Танашева.

2934 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз