Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 05 Тамыз, 2019

FlyArystan 200 000 жолаушыны тасымалдады

2 тамызда, яғни операцияллық жұмыстың 3 айы өткен соң FlyArystan өзінің 200 мыңыншы жолаушысын тасымалдағаны туралы қуана хабарлайды. Бұл туралы әуе компанияның баспасөз қывзметі хабарлайды. 

2019 жылдың бірінші тоқсан нәтижесінде отандық лоукостер 280 000 астам билетті сатып үлгерді. Жолаушылардың 71% мамыр мен тамыз айлары аралығында сапарын орындап үлгерсе, қалған 1/3 бөлігі билеттерді бірнеше ай бұрын алып қойған екен. Барлық сатылған билеттердің жартысынан астамы 10 мың теңгеге дейінгі бағамен сатылғанын айта кеткен жөн. Оған қоса, шілденің соңында әуетасымалдаушы қысқы мезгілде орындалтын рейстерге билеттер сатылымын ашқан екен, олардың 130 мыңы 10 мың теңгеге дейінгі минималды бағамен flyarystan.com сайтында қолжетімді.

«Лоукостер жұмысының бірден-бір ерекшелігі – ол тез ұшып-қону жүйесі, яғни барлық әуежайларда қысқа уақыт аялдау ұстанымы. Бұл принцип арқасында біз флоттағы екі Airbus A320 ұшақтарының өзімен күніне 14 рейске дейін орындаймыз, Ал жылдың төртінші тоқсанында әуепаркіміз тағы да 2 ұшақпен толыққан кейін, біз рейстер санымен қатар, бағдарлар кестесін де ұлғайтуды көздеп отырмыз», – деп мәлім етті FlyArystan-ның сату және маркетинг бөлімінің директоры Жанар Жайлауова. Сонымен қатар операциялық жұмыстың 3 айлық нәтижесінде жолаушылар орындарының жүктеме коэфиценті 94% құраса, 1167 рейстің 93% уақыты орындалғанын хабарлады. Бүгінгі таңда сапарларын уақытында орындау көрсеткіші бойынша FlyArystan үздіктердің қатарында екеніне назар салып, бұл нәтиже жоғары сапалы жұмысы пен жемісті операциялық қызмет арқасында мүмкін болып отырғанына назар салды.

Естеріңізге сала кетсек қазақстандық FlyArystan лоукостері бірінші рейсін Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша үстіміздегі 2019 жылдың 1 мамырда орындады. Осыдан кейін тұрақты рейстер Алматыдан Таразға, Қарағандыға, Орыл, Шымкент, Павлодар және де кері қарай орындала бастады.

987 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз