Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Басты ақпарат
  • 11 Тамыз, 2019

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы

Құрметті отандастар!

Күллі мұсылман үмбетін Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын! Қасиетті Құрбан айт –  мейірімділік пен қайырымдылық құндылықтарының теңдессіз көрінісі ретінде халқымыздың рухани дүниесінен ерекше орын алатын мейрам. Имандылықты өскелең ұрпақты тәрбиелеу көзі деп санайтын мұсылман қауымы осы күні ізгі ниетімен игі істер атқарып, өзара түсіністік пен келісім рухын нығайта түседі. Бұл ынтымақ пен бірлікті қадір тұтып, сақтап келе жатқан еліміз үшін өте маңызды. Қасиетті мейрамда баршаңызға зор денсаулық, құт-береке тілеймін. Отанымыз – Қазақстан Республикасы өркендей берсін!

Қасым-Жомарт Тоқаев

430 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Бас мүфти қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Келесі мақала Қазақ тілі мал табатын тілге айналмай, ​ көсегесі көгермейді

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *