Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 12 Тамыз, 2019

Арман Асенов "Қазақфильм" басшысы болып тағайындалды

"Қазақфильм" киностудиясына жаңа президент тағайындалды. Бұл қызметке Арман Асенов келді, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz  тілшісіне сілтеме жасап Kazgazeta.kz.

Айта кетейік, 9 тамызда Бақыт Қайырбеков "Қазақфильм" президенті қызметінен кеткен болатын.

Арман Асенов 1972 жылы 17 сәуірде дүниеге келген, актер, продюсер. 2017 жылдың 6 қаңтарынан бүгінге дейін "Республика алаңы" ЖШС директоры болып қызмет еткен.

1995-2000 жылдары "Қазақфильм" АҚ продюсері қызметін атқарып, осы күнге дейін киностудияда түрлі қызметтерде болған.

1685 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз