Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 13 Тамыз, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Смағұл Елубайды қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы және кинодраматург Смағұл Елубайды қабылдады, - деп хабарлайды kazgazeta.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 
 Кездесу барысында қазіргі қазақ әдебиеті мен отандық кино өнерінің дамуы талқыланды. Мемлекет басшысына алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобалар, соның ішінде Абай Құнанбайұлының 175-жылдығын тойлау аясындағы шаралар жөнінде мәлімет берілді.

Қазақстан Президенті төл мәдениетіміздің өркендеуі ұдайы назарда болатынын айтып, сапалы әдеби туындылар мен кинофильмдерді жарыққа шығарудың маңыздылығын атап көрсетті.

1094 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз