Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Басты ақпарат
  • 21 Тамыз, 2019

Астанада Елбасының төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің отырысы басталды

Елордада ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтуде, деп хабарлайды Қазақпарат агенттігі. Отырысқа Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қатысуда.  Естеріңізге сала кетсек, 16 тамызда «Nur Otan» партиясының лидері Нұрсұлтан Назарбаев 21 тамыз күні Үкіметтің, партияның Парламент Мәжілісіндегі фракциясының және өңір басшыларының қатысуымен өтетін партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын шақыру туралы қаулыға қол қойған болатын.  Сол күні Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының отырысын өткізіп, партияластарының алдында қандай міндеттер тұрғанын атаған еді. Отырыс барысында партия бағдарламаларының орындалу барысы мен алдағы кезеңге арналған жұмыстың басым бағыттары қаралды. Елбасы барлық азаматтарды мемлекеттің өткір әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу үшін партияға қосылуға шақырды. Ел аймақтарындағы азаматтардың проблемаларын шешуде «Nur Otan» партиясының жұмысын жандандыру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясының төрағасы Қоғамның партияға сенімін арттыру мақсатында ақпараттық-идеологиялық стратегияны қабылдаудың маңыздылығына назар аударды.

 

879 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз