Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 21 Тамыз, 2019

МСҚ: МЕДИЦИНА ҰЙЫМДАРЫНА 630 МЛРД ТЕҢГЕ ТӨЛЕДІ

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы  жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс бойынша көрсетілген қызметтер үшін 630 млрд теңге төледі. Қаржы кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті  (ТМККК) шеңберінде бөлінді. «2019 жылы 19 тамызындағы мәліметтер бойынша, Қормен келісімшарт бекіткен жеткізуші компанияларға 630 млрд теңге төленді. Бұл кепілдендірілген медициналық көмек пакеті шеңберінде бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасының 71 проценті», - деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облыстық филиалының директоры Асхат Бейсенбаев. 2019 жылы МСҚ кепілдендірілген көмек түрлерін көрсетуге құлшыныс білдірген медицина ұйымдарымен 889 млрд теңгенің келісімшартын бекіткен болатын. Бұл өткен жылы бөлінген қаржыдан 6-ға артық. Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Биыл мемлекеттік тапсырысты орындауға 1416 медицина ұйымы атсалысып жатыр. Оның ішінде 708 жеке меншік клиника да бар. Биыл олардың саны 2018 жылмен салыстырғанда 64-ке артқан.  Ал, Түркістан облысында медициналық қызметтердің 74 жеткізушісі медициналық сақтандыру қорымен келісім шарт жасасқан, яғни, олар МӘМС жүйесінде жұмыс істеуге дайын. Бұл – өңірдің медициналық мекемелерінің 90% - ын құрайды. Мемлекеттен тапсырыс алған жеке меншік клиникалар саны жағынан Шымкент, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қызылорда және Жамбыл облыстары көш бастап тұр. Естеріңізге сала кетсек, МСҚ 2018 жылдан бастап ТМККК және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттерінің қаржылық операторы және халыққа көрсетілетін медициналық қызметтерді ҚР Үкіметі бекіткен тәртіп бойынша сатып алады.

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ

Түркістан облысы бойынша халықты ақпараттандыру

және өтініштерді қарау бөлімі

 

1911 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз