Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 26 Тамыз, 2019

Ноғаев: Мектептердегі күрделі жөндеу жұмыстары оқу процесіне кедергі келтірмеуі тиіс

Аймақ басшысы қаладағы күрделі жөндеуден өткізіліп жатқан мектептер мен Нұрсая және Береке ықшам аудандарындағы үйлердің құрылысымен танысып шықты, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Қазіргі таңда апатты үйлердің саны 71 болса, тағы 12 жатақхана бар. Осы жатақханалардағы тұрғындарды көшіру мақсатында қазір Нұрсая мен Береке ықшам аудандарында 240 пәтерлік 6 көпқабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр. Нұрлан Ноғаев мердігер компанияларға құрылыс жұмыстарын уақытылы әрі сапалы етіп жасауды тапсырды. Жаңа пәтерлер үй иелеріне заң аясында тапсырылатын болады. Ары қарай аймақ басшысы күрделі жөндеуден өткізіліп жатқан екі мектепке барды. Солардың бірі – 1973 жылы салынған, содан бері жөндеу жұмыстары жасалмаған А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицей. Екіншісі – Ж.Қаражігітов атындағы мектеп-лицей, бұл ғимарат та 1984 жылы жылы салынған, одан бері жөндеу көрмеген. Екі мектепте де еден, электр сымдары мен терезелері толықтай жаңартылды. Атырау қалалық білім бөлімі қызметкерлерінің айтуынша, 1 қыркүйекте барлық мектеп дайын бола қоймайды. Дегенмен оған ата-аналар түсіністікпен қарап, бастысы жөндеу жұмыстарының сапалы болуын сұрап отыр. - Мектептердегі күрделі жөндеу жұмыстары оқу процесіне кедергі келтірмеуі тиіс, - деді аймақ басшысы. – Бұл тұста ата-аналардың түсіністікпен қарауы қуантарлық жағдай. Асығыстық қажет емес, олар дұрыс айтады. Екінші жағынан балаларға оқу кезінде ыңғайсыздық болмауы тиіс. Білім басқармасы мен қалалық әкімдік осы мақсатта барынша жұмыс істеуі керек. Айта кетейік, қазіргі таңда облыста 12 мектепке жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың төртеуі қалада орналасқан. Сонымен қатар, биыл облыста 11 мектептің құрылысы басталды, бұдан басқа 5 мектептің құрылысы қазіргі таңда салынып бітті.

769 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз