Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 27 Тамыз, 2019

6alash сайты оқырманға жол тартты

Интернеттегі қазақ сайттарының қатары 6alash атты жаңа сайтпен толықты.
Ұлттық құндылықтарды ұлықтау, мәйекті мәдениетімізді дәріптеу мақсатында құрылған бұл интернет порталы тек Қазақстандағы ғана емес, әлемнің әр еліндегі қазақтар арасында сақталған салтымыздың сарқытын оқырман назарына ұсынуға, болашақ ұрпақ санасында қайта жаңғыртуға тырысады. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы өзін қазақтай дегдар ұлттың ұрпағы болғанын мақтаныш сезінетін әр қазаққа зор шабыт сыйлады. Оның үстіне, «Ұлы даланың жеті қырын» жалпақ жұртқа жарқыратып көрсетуге «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» дегендей, барлығымыз атсалысуымыз керек. Біз осы мақсатта 6alash-ты аштық. Сайтымыз, мәдени, рухани, тарихи дүниелерді насихаттауды көздеп отыр. Әсіресе шеттегі қазақтарда сақталған құнды мұраларды, тамаша салт-дәстүрлерімізді атажұртқа жеткізу біздің негізгі нысанамыздың бірі»-, дейді 6alash сайтын құрушылардың бірі, журналист Қалиакбар Үсемханұлы.
Дереккөз: inform.kz

1317 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз