Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 28 Тамыз, 2019

Алматыда қоқыс жәшіктері тегін таратылуда

Алматыда Алмалы ауданында жеке тұрғын үй иелеріне қоқыс жәшіктері тегін үлестірліп жатыр. Ауданда 3500-ге жуық жеке тұрғын үй тіркелген. Оның ішінде 800 нысан кәсіпкерлерге тиесілі. Қазір демеушілердің көмегімен 1500 қоқыс жәшігі сатып алынған. Жергілікті жұртқа оны тарату жұмысы басталып кетті. «Осы күнге дейін ауданда қоқыс аптасына бір рет шығарылған болса, біз мына «Тәртіп» АҚ басшылығымен келісіп ауданымыздағы осындай қатты қалдық шығаруды аптасына екі рет ұйымдастырып жатырмыз», – деді Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Архат Омаров. Қала тұрғындары бұл бастама тазалыққа жол ашады деп есептейді. «Қоқысты аптасына бір рет қана алып кететін. Тұрмыстық қалдықтарды полиэтилен пакетпен шығаратынбыз. Көшеде иттер оны шашып тастап, барлығы жайылып кететін», – дейді бір тұрғын. «Бұған дейін қоқысты сәрсенбі күні түнде, не болмаса бейсенбі күні таңертең есік алдына қойып қоятынбыз. Аптасына екі рет алып кетіп жүрсе, ол бәрімізге қолайлы. Оның үстіне мынадай қоқыс жәшіктерін тегін берді. Барлығы енді жинақы болып, көшеде тазалық сақталады», – деді екінші бірі. Дереккөз: inform.kz

837 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз