Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 28 Тамыз, 2019

Ұлттық кеңестің алғашқы отырысын өткізу мәселесі талқыланды

Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы, Кеңес төрағасының орынбасары Қырымбек Көшербаевтың басшылығымен ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бірінші отырысына дайындық жөніндегі ұйымдастыру кездесуі болды. Бұл туралы ҚазАқпарат Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу жұмысына Ұлттық кеңестің мүшелері қатысты. Оның аясында Ұлттық кеңес қызметінің бағыттары мен тетіктері, Ұлттық кеңестің бірінші отырысын өткізуге дайындық мәселелері талқыланып, жұмыс топтары құрылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 шілдедегі №63 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралы Ережеге сәйкес, Ұлттық кеңес мүшелеріне куәліктер тапсырылды. ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің Бірінші отырысын 2019 жылғы 6 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өткізу жоспарланды. Еске салсақ, 12 маусымда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы ұлықтау рәсімінде Қазақстанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру жөнінде айтқан болатын. Сондай-ақ Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына кімдер енгені белгілі болды.

968 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз