Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 05 Қыркүйек, 2019

Жүгерішілерге шұғыл көмек қажет!

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның V сессиядағы алғашқы жалпы отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қ.Сұлтанов Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрі Сапархан Омаровқа депутаттық сауал жолдады. Бұл туралы kazgazeta.kz parlam.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Қуаныш СҰЛТАНОВ,  «Nur Otan» фракциясының депутаты:                                                       -Жаркент қаласында  жаңа технологиялық негізде жүгері  өңдеу зауыты да жаңа қарқынмен жоғары тиімділікпен жұмыс істеп, мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып келеді. Өкінішке орай,  жылдан жылға жүгері  дақылының  ауыл шаруашылығындағы маңыздылығының арта түсуіне қарамастан, ешқандай себепсіз, негізсіз -  жүгері өсірушілердің еңбегін ынталандырып, ол дақылды өсіру өрісін кеңейте түсудің орнына соңғы жылдары жүгері өсірушілерге арналған субсидия алынып тасталғанОның  орнына ешқандай басқа қолдау шаралары  белгіленбеген. Жүгері өнімдерін сатып алу бағасы  мемлекет бақылауынан тыс қалып, ешқандай  негізсіз төмен  түсіріліп, құнсызданған. Қазіргі бағалар шығындарды өтемек түгілі жүгерішілерді қарызға  белшеден  батырмақ. Бұл – әділетсіз, әрі негізсіз деп есептейміз. Жазғы кездесулерде, әсіресе биылғы жылдың ауа райының өте қасаңдығына, су тапшылығына, ұзақ мерзімді аптап ыстық қуаңшылық жағдайында жүгері  өсірушілердің мемлекет тарапынан ешқандай қолдау, көмек көрмеуі – мыңдаған еңбек адамдарының меселін қайтарып,  үмітін үзіп, шарасыздыққа тіреп тұр. Дәндік және мал азығындық жүгері  өсіру тек жүгерішілерге ғана қажет емес, бүкіл ауыл шаруашылығы кешеніне,ет, мал өсіруге ел әлеуетіне қажет екендігін айтып жату артық болар. Жүгерішілерге шұғыл көмек қажет! Атап айтқанда: Бірінші – елімізде жүгері дақылын  өсіруге субсидия беру, тағы басқа  ынталандыру шараларын  қайта қарап, олардың тиімділігін белгілеу қажет. Екінші – жиналған өнімді сатып алу бағаларына мемлекет тарапынан  бақылауды орнықтырып,  әділдікпен  қалпына келтіру мәселелері бойынша нақты әрі тиімді шешімдер қабылдауыңызды өтінемін. Сондай-ақ бейнетпен өсірілген өнімді дер кезінде  жинап алуға қажетті  техника жабдықтары, жанар,  жағар майға жеңілдік  шараларын жоспарлау да қажет.

875 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз