Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 06 Қыркүйек, 2019

Ұлттық қоғамдық кеңестің отырысы басталды

Елордада президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы басталды, деп хабарлайды kazgazeta.kz тілшісі.

Қоғамдық сенім кеңесінің бүгінгі отырысында қоғамдық және  мемлекеттік саясаттағы маңызды мәселелер талқыға түседі. Айта кетерлігі, ұлттық кеңес президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен шілде айында құрылып, оның құрамы мен негізгі міндеттері айқындалған болатын.

Өткен аптада президент Әкімшілігінің басшысы, Кеңес төрағасының орынбасары Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен алдын ала жиын өтіп, кеңес мүшелеріне куәліктер тапсырылды.  Алғашқы отырысқа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда.

1055 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз