Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 10 Қыркүйек, 2019

Үздіктер анықталды

Елордада «Қазақстанды таны» халықаралық блогерлер форумында «Мен Қазақстаннанмын» атты видеоблгерлер байқауының жеңімпазы анықталды

Бірінші орынды Дидар Мұратов (Алакөл туралы видео) иеленді, сыйақы ретінде ол 1 миллион теңге алды. Екінші орын және 500 000 теңгені Дмитрий Москаленко (Ақ Бауыр петроглифтері туралы видео) жеңіп алды.  Үшінші орын және 200 000 теңгені Алдияр Байрақымов (Көк Жайлау туралы видео) иеленді. «Авиата» компаниясының арнайы номинациясын Жасұлан Бақытжанов (Алматы туралы видео) алды. «Sevens» ауыз суының  арнайы сыйлығы Аида Тастеміроваға (Ассы жайлауы туралы видео) тапсырылды.

Конкурсқа қатысуға 1000-ға жуық өтінім келіп түскен, 200-ден астам видеожұмыс қабылданды. Финалға 15 видеоблогердің жұмысы өтті. Қатысушылардың жобаларын Әлішер Елікбаев, Біржан Әшім, Луи Коулл және Мурад Османн сияқты еліміздің және шет елдердің атақты блогерлерінен тұратын әділ қазылар алқасы таңдады.

Жоба Қазақстандағы Жастар жылы аясында жүзеге асырылды. Іс-шараны ұйымдастырушылар "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "A kind heart" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Жобаның стратегиялық серіктестері - еліміздің ең ірі интернет БАҚ – "Internet Portal NUR" ЖШС, Қазақстандағы Youtube-тің ресми серіктесі - "Power Media" ЖШС және туризм саласындағы Қазақстанның бренд-менеджері болып табылатын "Kazakh Tourizm" ұлттық компаниясы. Жоба демеушілері «GALANZ bottlers» компаниясы Sevens суымен және «Aviata» компаниясы.

Нұрлан ҚҰМАР

 

1038 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз