Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 12 Қыркүйек, 2019

Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасарын қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев "Nur Otan" партиясы Төрағасының  бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады, деп хабарлайды kazgazeta.kz Тұңғыш Президент сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президентіне партия жұмысын жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру барысы жөнінде ақпарат ұсынылды.

Сонымен қатар, Елбасына «Jas Otan» жастар қанатының қызметін жандандыру бойынша қабылданған шаралар туралы мәлімет берілді.

Сондай-ақ, Б.Байбек Нұрсұлтан Назарбаевқа партияның қоғамдық қабылдауларының жедел әрекет ету және өңірлердегі азаматтардың өзекті мәселелерін шешу жөніндегі жұмыстары туралы баяндады.

Кездесу соңында партия Төрағасы бірқатар нақты тапсырма берді.

739 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз